«БАЛАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ — БІЗДІҢ ҚОЛЫМЫЗДА»
«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің Қима ауылы Қ. Өскенбаев атындағы жалпы орта мектебі» КММ жанындағы «Аққу» шағын орталығында медициналық қызметкер Нургожина А. Ш. ата-аналарға «САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?» тақырыбында кеңес өткізді.
Кеңес беру пунктінің жұмысы аясында мектепке дейінгі ұйымға бармайтын ерте жастағы балалар мен олардың ата-аналары шақырылды.
Жұмыс барысында ата-аналар баланың салауатты өмір салтының негізгі құрамдас бөліктерімен танысты. Дұрыс тамақтану, күн тәртібін сақтау, қимыл-қозғалыс белсенділігі, таза ауада серуендеу, жеке бас гигиенасы және толыққанды ұйқы мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Медициналық қызметкер пайдалы әдеттерді қалыптастыру ерте жастан басталатынын атап өтті. Бұл үдерісте отбасының алатын орны ерекше. Ата-аналар балаға жақсы үлгі көрсетіп, оның дене және эмоционалдық саулығына қолайлы жағдай жасауы маңызды.
Кеңес соңында ата-аналарға күн тәртібін ұйымдастыру, дұрыс тамақтану, жеке бас гигиенасын сақтау, қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру және баланың денсаулығын нығайту бойынша пайдалы ұсыныстар берілді.